ҚЫЗЫЛША

lat: QYZYLSHA

з а т. м е д.ат. morbilli> Балалардың денесіне қызарып бөртіп шығатын жұқпалы ауру.

Көп баладан қалған соңғы ұлына да қызылша шығып, әл үстінде жатыр еді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Қазақта жұқпалы аурудың неше түрлісі бар: қызылша , шешектен қазақ балалары шыбындай қырылады (М.Дулатов, Шығ.).

Бұл күнгі жер үй лас, тар, суық, дымқыл, есігінен, терезесінен жел соғады, күн сәулесі аз түседі, төбесінен тамшы ағады, пештен түтін шығады, терезесінен жарық аз келеді. Сондықтан ел ішінде қысты күні кезік, сүзек, қызылша аурулар аса көп, бірқатар үйлердің ішіндегі адамдардың бірінің төсек тартып жатқанын көріп жүрміз (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).