ҚЫЛМЫС

lat: QYLMYS

з а т. 1 . Қоғамдық құрылыс пен жеке бастың мүддесіне қарсы бағытталған іс-әрекет.

Олар түгелге жақын не солдаттық қызметтен қашқандар, не қылмыс жасап, жазадан қашқандар (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Жабысқан екен бір бәле,

Өсетін өндір жасыңда.

Қылмыспен қашқан ер болса,

Мен айтпаймын, жасырма.Шипин, Дастан.).

2. қ ұ қ ы қ. Қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды (ҚҰЭ).

Бірақ көзін ашқалы милицияда істеп келе жатқан Қаталбай қылмысы болса, қолына түскен адамды аямайтын (Ж.Тәшенов, Алғашқы.).

Егер адам бір қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен және біржола бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмауға тиісаң термин. анықт. сөздігі).

3. а у ы с. Жалпы тәртіпке, жөн-жосыққа жат, жарамсыз қылық, күнә.

Осындай қарбалас уақытта қонып жатудың өзі қылмыс болады, қалаға жетіп бір-ақ тоқтаймыз, деп өкіл кесіп айтты.Шаймерденов, Қарғаш).

Бәлкім, тұлпар сол үшін де ызалы.

Ызалыны бағалауға шабандаумыз біз әлі.

Нағыз еркек тұлпарға ұқсас, айнам-ау,

Саған қылмыс ол жайында ойламау.Шаханов, Ғасырлар.).

Қылмысымыз емес шығар бір біздің, Жанарымнан жарық түнде мұңды үздім. Денесінің керектігі арқылы Мен ол қыздың керексізін білгіздім (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).