ҚЫМБАТТЫ

lat: QYMBATTY

с ы н. 1. Бағасы жоғары, нарқы көтеріңкі.

Үй ортасында анауынау адамның қолына түсе бермейтін қымбатты гарнитурдың әсем столы .Тұрманжанов, Адам.).

2. Асыл бағалы, пайдалы, құнды.

Сондықтан да басып алған батыс елдерінен жемтіктес топ тапса да, тілектес ел таба алған жоқ. Өйткені ол қай елдің болса да елдік намысын аяққа басып, кейінгі ұрпаққа мәңгілік етіп қалдырып келген қымбатты мұраларын қиратумен келеді .Әуезов, Шығ.).

Егер өне бойы жер астының кен байлығын осылай жан ашымастық әдіспен ала берсек, қаншама қымбатты кен жер астында текке қалады (I.Есенберлин, Алтын.).

Барлығы бір қымбатты дүниесін жоғалтып, соны сарыла іздеп жүргендей сабанды қолдарымен әрі-бері ақтарып, қайта-қайта қарайды .Мұртазаев, Интернат.).

3 . а у ы с. Аса құрметті, қадірлі, ардақты.

Өткен жаз, күз айларында сол аймаққа бір оралғанымызда сұрастырған ең қымбатты жолдастарымыздың бірі де Ақболат болды.Сланов, Замана).

Қымбатты доктор, көмек етіңіз... құтқарыңыз, кешігіппін, қайырып беріңіз маған бұл жанды, дейді Назым .Әуезов, Таңд. шығ.).

Бөлімше жауынгерлері қымбатты жолдасынан, майдандас батыр серігінен айырылуды орны толмас ауыр қазадай көрді.Сейітов, Сөз сұра.).

4. а у ы с. Аяулы, сүйікті, ынтық .

Гауһар тас шірімейді мың жыл көмсең,

Көз тартып жылтырайды қашан көрсең.

Қымбатты өмірдегі ең асылым,

Күлімдеп гауһар тастай келші еркемара өлең).

5. Маңызды, қажетті, жанына жақын .

Сіздің халқыңыз мекен еткен өлке туралы, бәлки мен де бір керекке жарарлық еңбек етермін! деген. Бұл сөзді осымен доғарып, аздан соң алғашқы әңгімеге, өзіне ең қымбатты, ыстық әңгімеге ауысты .Әуезов, Шығ.).