ҚЫМБАТТЫҚ

lat: QYMBATTYQ

з а т. 1. Бағасы, нарқы жоғарылық.

Сосын биыл жәрмеңкеде мал қымбаттығы сөз болып еді, мұны да төре соғыс жақындап келе жатқанның бір белгісі деп түсіндірді.Аманшин, Көкжар).

2. Ерекше бағалылық, маңыздылық .

Қос әйнек басыңдағы қос жанарың,

Өмірде онсыз мәлім бос қаларың.

Қос кірпігің өзі ашылып жабылады,

Жанардың қымбаттығы жұртқа мәлімара өлең).

Шежіремді ұрлапты,

Зулапты күн,

Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын.

Алтын адам шынымен қазақ болса,

Білген екен құнының қымбаттығын! (М.Мақатаев, Шуағым.).

3. а у ы с. Бағасы артықтық, орны бөлектік, қадірлілік.

Әй, Біржан, жасың үлкен, өзің аға,

Қымбаттығым белгілі білсең баға.

Қамысты терең көлдің сұқсырымын,

Қаңғырған ілдірмеймін қаршығаға (Айтыс).

4. а у ы с. Тәттілік, құндылық, асыл болушылық, артық тұрушылық .

Басқалардай бұл да адам,

Тірлік үнін құмарта тіл тыңдаған.

Қымбаттығын білгендіктен тірліктің,

Күндіз-түні көз ілмеген, тынбаған (Р.Нұрпейісов, Қоңыр.).

5. Парқы артық болушылық .

Ол, шынында, жылдағы елкада балалар ойыншығында жүретін арзан жылтырақтар емес пе, көрікті деп тақияның төбесіне тауық жүнінен қымбаттығы жоқ үкінің жүнін үйе беру де тек этнографиялық музейлік көріктер.Әуезов, Шығ.).