ҚЫМБАТТЫМ

lat: QYMBATTYM

з а т. 1. Әдетте сүйіктісіне айтылатын асылым, қол жетпесім, арманым деген сияқты мағынадағы жақсы көру нышанын білдіретін атауыш.

Алаштан асып туған сымбаттым-ай,

Базардың пұлы жетпес қымбаттым-ай .

Арманым бұл жалғанда болмас еді,

Күн болса қосатұғын саған құдай (Қара өлең).

2. Көбінесе еуропалықтарда жақсы көретін адамына қарата айтылатын қаратпа атауыш .

Фидлер Мағашқа да өтірік айта алмайды. Оның жұп-жұқа сұлу майда жүзінен ауыр қайғы, улы жас көріп тұрса да: “Жұбата алмаймын қымбаттым , жалған айта алмаймын сізге, көгершінім! Ғабдрахимнің саушылығы қуантпайды, не шара, не шара?! дейді.Әуезов, Шығ.).

Алексей Иванович, родной! Директор, қымбаттым ! Туған әкем! Неге мұнша кешіктіңіз? Біз сізді сағынып, көксеп өлер болдық қой!.Әуезов, Шығ.).