ҚЫС

lat: QYS

з а т. Күзден кейін келетін, ең суық жыл мезгілі.

Жұт болып малдан айырылып, Арқадан құмды қыстай келген азғана ауыл бір қыс ішінде бар малды беріп, тақыр кедей болды (М.Әуезов, Өскен өркен).

Түсі суық, у тілді,

Қарға адым жер боп мұңы,

Үнемдеп жалап топырақ,

Бұта көрсе тоқырап,

қыс болса қатып сіресіп,

Жаз өмірмен күресіп,

Аяғы жоқ, еңбектеп,

Күн көріп жүр жылан даулат Бабатайұлы, Замана.).

Төрт мезгілім жазым, қысым, көктем, күзім бар тағы

. Жылытатын, суытатын өзім жүрген ортаны.

Бірақ олар бірі-біріне кезек күтпей сөз беріп,

Тұрады ылғи тек мақсатқа байланысты өзгеріп (Т.Айбергенов, Мен саған.).