ҚЫС

lat: QYS

е т. 1. Сығу, жаншу.

Ержанға ығысып, есік алдындағы ең бір таңдаулы жерден орын беріп еді, енді оны да қысып тастады (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).

Адамдар бір-бірімен қақтығысып,

Әлділер, әлсіздер де жатты ығысып.

Өмір-бақи тоймайтын кассаға әкеп,

Адамдар әлгі аруды жатты қысып (М.Мақатаев, Шығ.).

Техник жігіт папиросын саусағының арасына қысқан күйінде қырын қарап қалыпты (К.Оразалин, Ақ жа зық).

2. Бауырына басу, қапсыра құшақтау.

Құлап кетпесін деді ме, тас қып қысып, қатып қалды (Ө.Қанахин, Жүрек.).

Мінеки, ол да жігіт боп,

Көңілін жұрттың бөледі.

Қасыма менің күліп кеп,

Құшақтап қыса береді (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

Ол сырттан кірген маған назар аудармай, қызын қыса құшақтап, жылай берді (А.Лекеров, Қырда.).

3. а у ы с. Қыстау, қинау, жан алқымға алу; қысым көрсету.

Осынша бізді қысқандай ,

Біреудің несін алыппын!астандар).

Тоқтамай Еренбаққа барып түсті,

Бұл кілем оқығанда аспанға ұшты.

Алдынан қызды көріп досы шығып,

Келді де ханышаны жаман қысты (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Аяғыңнан тартамыз Көкке қарай ұшса да-ай!

Неғып теріс қарайсың,

Құдай мұнша қысқандай !

Біз бір елдің еркесі

Мұнша зәрең ұшқандай! (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).