ЛАЗЫМ

lat: LAZYM

[ар. دائم ] м о д. Солай болғаны дұрыс, сонысы жөн, солайы қажет; лайық .

Біле білсе, әйел еркектің ермегі, қуыршағы, тек жары да емес, жаны қиналғанда анасы, жадырағанда қарындасы да болуы лазым.Сүндетов, Ескексіз.).

Қайсы шаһарда парменке базарларда қандай мал балан сауда қылмақты білмек саудакерларға лазым дүр (“ТУГ”).

Райхандай безіп өстің гүл бау- шарбақ,

Гүл жүзің, зифа бойың, етің шәрбәт.

Әуелден көңілімді бердім саған,

Нәзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ,

Жігітке лазым еді іздеп бармақ (Ақан сері, Шығ.).

Оған жауап қайтармау үшін адам арын да, намысын да, әлеуметтік беделін де жоғалтқан болуы лазым.Шоқай, Таңд.).