ЛАСТАНУ

lat: LASTANÝ

з а т. э к о л. Адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттектердің, агенттердің қоршаған ортаға түсуі, залал келтіруі.

Қоры шағын, микро- организмдер және органикалық заттармен ластануы себепті, ылғалдылық артық болу жағдайларында тұщы бола тұрғанымен, қалқыма суды техникалық мақсаттарға және ауызсуы ретінде пайдалануға болады (К.Сапарбайұлы, Геология.).

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі айналадағы ортаның ластануы себептерін жан-жақты түсіну үшін бұл жұмыстың бүгінгі таңда қалай жүзеге асырылатынынан жақсы хабардар болу керек (Т.Қалыбеков, Экология.).

Орман отырғызу жұмыстарының су көздерін сарқылудан және ластанудан сақтау шараларында алатын орны күннен-күнге күшеюде (Табиғат қорғау.).