ЛӘЗІМ

lat: LÁZİM

м о д. с ө й л. Лазым .

Мехнәттан рахат болмай қалмас,

Бір көрерсің пайдасын ақыр, шырақ.

Орысша білмек, қазаққа бек ләзім,

Россияда болған соң біздің тұрақ.Дулатов, Шығ.).

Бекерден-бекер басқа пәле тілегенше тоқал үйінің үстіне шығып жата кетуді ләзім көрдім.Бөкеев, Үркер).

Бұл дүниенің мысалы

Ұшып өткен құспен тең,

Өмірде көрген жақсылық,

Ұйықтап өткен түспен тең,

Атадан мирас ақылың,

Түзік айтқан мақұлың,

Ләзім болған іспен тең (Шал ақын, Өлеңд.).