М

lat: M

з а т. л и н г в. Қазақ әліпбиінің он жетінші әрпі және осы әріп таңбалайтын қос ерін тоғысыңқы үнді дауыссыз дыбыс.

М дыбысын айтқанда екі ерін бір-біріне нық тиіп, жымдасады да, фонациялық ауа мұрыннан шығады: бұл да мұрын жолды үнді. Бұл фонема сөздің қай шенінде болса да келе береді. Мысалы: Мал, мен, мағына, мың, мырс, кеме, темекі, сөйлем, шам т.б. (Қазіргі қаз. тілі).

Жұрнақтарда да, шылау сөздерде де, жалғауларда да, м жиі кездесіп отырады. Жалғаулардан: тәуелдікте (бала-м, үй-ім, бала-мыз, үй-іміз), жіктіктеала-мын, инженер-мін), көмектес септіктеалға-мен, қар-мен) т.б. кездесе бередіазіргі қазі тілі).

М қос еріннің бір-біріне толық жымдасуынан жасалатын мұрын жолды дауыссыз дыбысты белгілейтін әріпаз. тілі энцикл.).