МАЗАҚТАУ

lat: MAZAQTAÝ

Мазақта етістігінің қимыл атауы; мазақ қылу, күлкі, келемеж ету.

Мұны балалар да байқап қалды. Менің әлжуаздығымды айтып, мазақтауды шығарды («Білім және еңбек»).

Сол күлкі еткеннен біз Нұрымбайды Алматыға жеткенше күлкі етіп, мазақтаумен болдық (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).

Жол қысқарсын дейміз-дағы жоқтан барды құрай кеп,

Біз екеуміз Танакөзді мазақтаушы ек былай деп:

«Жанарыңнан жас кетпейтін жасық болсаң бағаң не?

Тағы қиын өжет болсаң нарт-қызба” (М.Шаханов, Ғасырлар.).