МАЗМҰН

lat: MAZMUN

[ар. مضمون ] з а т. 1. Белгілі бір шығармадағы өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналылық.

Ырғағы сарыны заманның, дәуірдің сарын-күйіне қарай, өлеңнің, жырдың мазмұнына, тақырыбына қарай түрлі ән мен күйлер шыққан .Сейфуллин, Шығ.).

Шоқан кей хаттың мазмұнын ауызша ай татын (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Әдетте шығармадағы мазмұн көркем ой көрігінен түрленіп шыққан өмір шындығы делінеді (Әдебиет. термин. сөздігі).

2. Мағына, мән .

Өлеңнің сөз. қысқа, мазмұны тереңақал).

Біздің қоғамымызда еңбектің түрі емес, мазмұны шешуші рөл атқарады.Байзақов, Еңбек.).

Қазір осы ұлттық ойындардың бірқатары жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болды.Тәшімбетов, Топжарған.).

Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан ,

Бекер болды-ау мезгілсіз тозды бір ән.

Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың,

Жер бетінде алтынның аздығынан (М.Шаханов, Ғасырлар.).

3. а у ы с. Бір нәрсенің парқы, жөн-жосығы.

Қай уақытта болса да адам озбақ, ілгері озып шықпақ ісі пара.

Білер менің білместің мазмұнына,

Айырмаққа парқын ішін қара.Найманбаев, Шығ.).