МАЙ

lat: MAI

з а т. 1. т а м а қ. Әртүрлі өсімдік түрлеріненержаңғақ, зәйтүн, қалампыр, қарағай, қыша, жүгері, үпілмәлік т.б.) алынған жоғары сапалы сұйық май.

Жүгер. майында токоферол күнбағыс майыннан 34 есе, зәйтүн майынан 10 есе, сары май мен мал майынан 100 есе көп.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).

Тамақ әртүрлі продуктыдан құралады, оған көбінесе: ет, нан, сүт, май, жұмыртқа, овощтар мен жемістер кіреді.Дарқанбаев, Витамин.).

2. Жанануарлардың, құстың денесіне жиналатын етке жабысқан ақ-сары түсті жұмсақ тағамдық зат.

Қойдың еті менмайы өте сапалы тамақ (М.Ермаков, Қазақст.).

Той істеп ел шақырды ер Қабылтай,

Қой сойып, жылқы сойып жегізіп май ,

Айтысып қыз-бозбала бір күн, бір түн,

Разы боп кемпір-шалдар көңілі жәй.

Ұзатып Насиқаны елге апарып,

Қуанып той жасадым мен де осындай.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Сіз менен аясаң да аттың майын,

Мен сізден аямаспын жақтың майын

Қыстағы сүр, жаздағы бағлан қозы,

Сыбағам, ішкен қымыз, жеген майым ,

Бай бар ма сиыршыда сізден өтер

Басқа елдің не қылайын Қарынбайын?! (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).

3. Малдың сүтінен алынатын сары май.

Сылап-сипап тайыңды

Баптап жүрмін, құлдығым.

Сен жесін деп майымды

Сақтап жүрмін, құлдығым (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

Қайнатқан қызыл шайы жоқ,

Не құрты, не майы жоқ.

Қонақтың барған жайы жоқ,

Төренің үйі көр екенақтыбай ақын, Жел қобыз).

Не қасиет бар дейсің, осы күзде,

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет, майы мен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге (М.Мақатаев, Шығ.).

4. Көлік жүргізуде, қозғалтқыштарды іске қосу, майлау т.б. жағдайларда қолданылатын сұйық отын (бензин, керосин т.б.).

5 . э т н. Көлік күші.

Маған бір жақсы ат беріңіз, майын мінем де, басын қайырам.Мұстафин, Дауыл.).

Жер жыртуға, шөп жинауға көлік майын, көже қатықсызы сауын алатын болса, күнін салмай қайтеді (Ж.Арыстанов, Таң жұлдызы).

Көп жерлерде бай бір тулақтың да майын қимай, қойшыны өріске жаяу айдайтынарту).

6. э т н. Жалға берген жердің құны.

Осы айтылған жер салып отырған егінай, шауып отырған пішендіктен беріледі, бұл жерді қазақ біреуге жалдамай, м а й ы н сатпай, өз еңбегімен пайда шығарып отырса.Бөкейханов, Шығ.).

Не төлеген майың жоқ, не мекенімді қайырар ойың жоқ.Сегізбаев, Беласқан).

7. а у ы с. Құнарлы .

Көзім көрді Сарыарқа,

Қай жеріңде кемің бар.

Жерің алтын, шөбің май ,

Қайда сенің теңің бар (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).

Малға жан, егінге бай, топырағы май ,

Несібе ағыл-тегіл еңбекші елге.

Жайсаңнан бері қарай жоталасаң,

Мал менен көзің тояр көк егінге (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).