МАЙБАЛЫҚ

lat: MAIBALYQ

з а т. з о о л.ат. chalcalburnus chalcoides> Тұқытәрізділер отрядына жататын балықтың түрі .

Майбалық Қара, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптарында таралған. Өрістейтін және тұщы суда кездесетін формалары да бар (ҚҰЭ).

Майбалық Арал теңізінен кәсіптік балық ретінде 1960 жылдарға дейін көп ауланған. Қазір олардың саны жылдан-жылға азайып келеді (ҚҰЭ).

11 жылдық цикл кейбір балықтардың да (нәлім (треска), майбалық, қызыл балық, тыран (лещ) және тағы басқалардың өсіп-өнуінде де байқалған (Т.Омаров, Күн. құбылыс.).