МАҚАЛА

lat: MAQALA

[ар. مقاله ] з а т. 1. Белгілі бір газетте, журналда жарияланатын ғылыми, публицистикалық, көлемі шағын шығарма. Көп кешікпей Мұқаң газет бетіне өзінің қазіргі поэзия туралы ойларын ортаға салған үлкен м а қ а л а с ы н жазды (С.Мәуленов, Үркер). Кешікпей «Правдада» «Талас өлкесінің ерлері» деген көлемді м а қ а л а шықты (Ш.Байбатшаев, Бел-белес.). Соғыстан соңғы кезде менің «Жауынгер тұлғасы», «Бір түннің тарихы» деген әскери әңгімелерімнің жинағы, жекелеген әңгімелер, өлеңдер мен көптеген м а қ а л а л а р пайда болды (Б.Момышұлы, Шығ.). 2. и н ф. <ағыл.article> Интернет желісінде жаңалықтар тобының хабарламасы. М а қ а л а мәліметтер нысандарын сипаттау формасыаз. тілі термин. Информатика.) 3. ж у р. Журналистика жанрларының негізгілерінің бірі. М а қ а л а н ы ң жалпы ерекшелігі мәні бар құбылысты саралауаз. тілі термин. Педагогика.).