МАҚСАТ

lat: MAQSAT

[ар. مقصد ] з а т. 1. Белгілі бір нысанаға жету жолында қойылған міндет, нысана. Осыларды өнер деп өлсе сенбе, онан басқа өнер көп іздегенге. Өкінішің өлімнен қиын болар, м а қ с а т ы м не деп ойлар кез келгенде (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Біздің зерттеу жұмысымыздың ең басты м а қ с а т ы зерттеліп отырған сорттарға неғұрлым сай келетін ұластырушылар таңдап алу еді (Ш.Хабибуллин, Алхоры.). 2. Тілек, арман, мұрат. Сондықтан бір м а қ с а т ы м өлең жазу, оқуменен бірге іздеп қоса қазу (С.Торайғыров, Шығ.). 3. п е д. Алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі. Адамның алдына қойған м а қ с а т ы әрдайым дәлелді себептерден, яғни түрткілерден тұрадыаз. тілі термин. Педагогика.). 4. п с и х. Ойлау процесі нәтижесінде алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күш. Мақсатқа жету үшін әртүрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады. М а қ с а т т ы ң мынадай түрлері бар: а) нақтылы мақсат іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; ә) абстракті мақсат талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеп армандау және соған жету үшін қызмет етуаз.тілі термин. Педагогика.).