МАҚТАУЛЫ

lat: MAQTAÝLY

с ы н. Беткеұстар, алдыңғы, озат. Дмитрий Степанович, сіз м а қ т а у л ы мамансыз, деп бастады сөзін  Досан (М.Әбдіқалықов, Қара тасқын). Қазақтың м а қ т а у л ы”, “жақсыдеген сыпаттарын дала ақынына, жаман жақтарын қала ақынының аузына салып, ақырында мәдениетті қалаға даланы жеңгізбек еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бәсеке баланың жұмысқа оқытуға м а қ т а у л ы әдіс емес дегенді әркімдер-ақ айтады (Ж.Аймауытов, Шығ.).