МАҚШАР

lat: MAQSHAR

[ар. محشر ] з а т. д і н и. Махшар (ақырзаманда қайтадан тірілген адамдардың жиналатын, олардың күнәсін тексеретін орын). Асыл алмас пышақтары, Тығырадан шашақтары, Ахметжанның қожақтары, жаннан кешер күндер бүгін, Ғашірбектің сол озары, Құрылсын м а қ ш а р д ы ң базары, Бек Жүсіптің қошқарлары, Қаннан кешер күндер бүгін (А.Байтұрсынов, Шығ.). Арыстаным, жөнелесің, Жұбайым бар деп еске алсаң, Сұлтаным, сонда мені ізде, Табысайық м а қ ш а р д а (Қобыланды батыр). Дүниеге дос, ақыретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей боп орныға алмас, Дүниеге ынтық, м а қ ш а р ғ а амалсыздың, Иманын түгелдеуге аузым бармас (Абай, Тол. жин.).