МӘМІЛЕ

lat: MÁMİLE

[ар. معامله ] зат. 1. Бітім, келісім.

Міндет ауыр. Хан бұйрығы мәмілеге қарай ма? Ғимаратты енді аз күнде бітірген жөн қалай да (М.Шаханов, Ғасырлар.).

2. құқық.

Жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктік қатынастарды және осы қатынастармен байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті. Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамау оның күшін жарамсыз етпейді, бірақ дау болған жағдайда тараптарды оның жасасылуын куәлік айғақтармен қуаттау құқығынан айырады (Қаржы-экон. сөздігі). Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады (ҚҰЭ). Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға мәміле жазбаша жасалады (ҚҰЭ).