МӘҢГІ

lat: MÁŃGİ

ет. Мәңгіріп дел-сал болу, есеңгіреу.

Шофер бала екен. Бұл мана, «әу» деп ойын басталғанда-ақ ұтылып, басы мәңгіп, қападан ба, қажыды ма, ұйықтап қалған пақыр еді (Д.Досжанов, Зауал). Дұрыстап не әйел де бола алмай, мәңгіп, жүнжіп, есінен ерте айырылып өз отының берекесін өзі қашырған шығар (Ш.Құмарова, Қос шынар). Өзің жынынан айырылған бақсыдай мәңгіп қалыпсың ғой (Т.Әлімқұлов, Кертолғау).