МӘСЕЛЕ

lat: MÁSELE

[ар. مسالة ] зат. 1. Өз шешімін керек ететін іс, міндет.

Қазіргі таң еліміздің тәуелсіздігін нығайту үшін шешімін күттірмейтін мәселелердің бірқатарын қолға алу керек. Соның келелісі мемлекеттік тіл мәселесі (“Егемен Қазақстан”).

2. мат. Математикалық есеп.

Хорезмидің өз атынан берілген бір мәселені шешу үшін қолданылатын есептеулер тәртібін білдіретін «алгоритм» деген математикалық термин қалыптасты (А.Көбесов, Математика.).

3. сөйл. Мысал, әңгіме.

Айтайын Онегин ерден бір мәселе, Пушкиндей жан туған жоқ сөзге дана. Онегиннің, жиһан кезген заманында, Мәскеуде бір сұлу қыз болған жана (Ә.Найманбаев, Шығ.).