МЕЙМАН

lat: MEIMAN

[ир. مهمان ] зат. 1. Қонақ бола келген адам, үйге келген қонақ.

Келдім бе осынша елге сыймағаннан. Үйіңе келмеуші ме еді мейман адам. Аршын төс, алма мойын, асыл ақ қыз, Айтамын жамандыққа қимағаннан (Кердерi Әбубәкір, Қазағым). Қонаққа келген мейман түсіп жатыр, Шаң-топырақ аспанға ұшып жатыр. Көптеп ішіп үйренген тамақсаулар Көтере алмай қымызды құсып жатыр (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Үй ішің толған жансың, бір-біріңе мейман жансыңақал).

2. Өзге мемлекеттен келген мәртебелі және ресми тұлға.

Мәртебелі мейман бұл жөніндегі жылы лебіздерін де жасырмады («Егемен Қазақстан»).