МЕЙІРІМДІ

lat: MEIİRİMDİ

сын. Рақымды, қайырымды, мейірлі, мейірбан.

Үлгілі мейірімді жұрт мұны істейді ме? Енді бұл айтылған адам саудасын тоқтатуға не қам қылу керек? (М.Дулатов, Шығ.). Көк ала пішен жиғаны, Шыбынсыз заңғар тауында. Мейірімді қыздай ибалы Мен туған құйттай ауыл бар (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Саттар қайда, шынымен-ақ, қыз көңілін ұқпай ма? Қайда сол бір мейірімді жан, күліп алдан шықпай ма? (М.Шаханов, Ғасырлар.). Қартайғанда асырасын десең, о да бір бос сөз. Әуелі өзің қарауың қайтарлық қартаюуға жетемісің, жоқ па? Екінші балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші малың болса, кім асырамайды? (Абай, Тол. жин.).