МЕЙІРІМДІК

lat: MEIİRİMDİK

зат. Өзгеге деген қайырымдылық, мейірбандық.

Әкесін аяп кеткен бала, мейірімдік көрсеткісі келгендей, бетін бұра аунап түсті (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Әйел ананы отбасының берекесі, мейірімдіктің қайнар көзі мен сарқылмас бұлағына ұқсатам, ер-азаматты сол отбасының мызғымас тірегі, берік қорғаны, қажымас қамқоршысы екенін күнде көрем (Ө.Қанахин, Жер бас.). Осы бір өмір күзетіндегі жандардың көзінен үнемі мейірімдік нұры төгіліп тұрады (Е.Байжанов, Сыр.).