МЕЙІРІМДІЛІК

lat: MEIİRİMDİLİK

зат.1. Мейірімді болушылық, мейірбандық, қайырымдылық.

Бақытты адамның басты қасиеті оның қайырымдылығы, мейірімділігі екен ғой деп ойлап едім (К.Баялиев, Мейірім).

2.психол. Адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.

Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан (ҚҰЭ). Қаталдық та, мейірімділік те белгілі бір сезімдердің көрінісі есебінде реалистік бейне табуға тиіс (С.Қирабаев, Октябрь.).