МЕКЕМЕ

lat: MEKEME

[ар. محكمه ] з а т. Белгілі бір жұмыс саласын басқаратын, мәдени-ғылыми қызметпен шұғылданатын қызмет орны.

Әкөлегім, сен он жасқа толғасын, Шешең ақын, әкең әкім болғасын, Шапқыларсың ертіп алып інінді, Ат қыларсың бір мекеме «Волгасын» (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Жігітсің деп дәні бар Қарауында жеті-сегіз жаны бар Кішкене бір мекемеге Бастық болып баруымды сұрады. Жасырмаймын. Ұсынысы маған қатты ұнады (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Тұрады өмір күйбең-күйбең шаруадан,

Таң атпастан мекемем жоқ бармаған.

Мен іздеген кісілер де бұл күнді

Болып шықты өз ісіне арнаған (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).