МЕКЕР

lat: MEKER

[ар. ماكر ] с ы н. Қу, залым, айлакер.

Ақкемпір бәлеқор, мекер қатынның сөзін құлағына ілмеді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Патшаның заңын қуаттап, Жол ашып елді суаттап, Баладай алдап уатпақ, Би дегенің би емес, Ел алдағыш мекері (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Бұрынғы пайғамбар мен сахабалар, Пайда ғып ешкім малын алған емес. Өтірік, ұрлық, зорлық, мекер, қайла, Бұл үлгі пайғамбардан қалған емес (Қабан жырау, Алтын қазық).