МЕН

lat: MEN

есiм. 1. Бірінші жақты білдіруші, өзін-өзі көрсетуші жіктеу есімдігі.

Адалыңды арам деп,

Мен адалға барам деп,

Ит жейтұғын жемтікті,

Жиіркенбей жалар ол (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Нары жалқау, кер табан;

Құсы күйшіл, ат шабан Жырғалаң жоқ, жобалаң,

Ебі кеткен ел болды Енді қайда м е н барам?! (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Мен өзім талай сөзді хатпен жазғам,

Әзілден мерт болады артық қазған.

Өткен іске өкінсем, өмірім зая,

Тұяққа ілінгенді қайта жазбан (Шал ақын, Өлеңд.).

2. филос. Адамның шығармашылық қабілетін тереңнен қозғап, мәнін айқындайтын философиялық категория.

Мен субъектінің таным процесіндегі белсенділігін көрсетеді. Сондықтан оны сезіммен, қоршаған ортаны қабылдап танумен байланыстыра анықтау батыс психологиялық теорияларында басты орын алады (ҚҰЭ).

Шындығында, мен тек «өзін-өзі тану» деген ұғыммен ғана шектелмей, сыртқы қатынастардан өзін бөліп, сол арқылы өзіне өзгелердің көзімен қарай білуді білдіреді (ҚҰЭ).

3.ауыс. Паңдық, тәкаппарлық.

Мен боламын демеңдер, Аяқты алшақ басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның Бәрі де кесел асқанға. Үйткен адам жолығар, Кешікпей-ақ тосқанға (Абай, Тол. жин.). Мен қалайға салынбау мақтануға бой ұрмау, дандайсымау. Қайратпен кіріп жалынбай, Ақылмен тауып айласын, «Мен қалайға» салынбай, Жылы жүзбен жайнасын (Абай, Тол. жин.).