МЕН

lat: MEN

шыл. Екі бірыңғай мүшені өзара байланыстыратын бен, пен жалғаулықтарының бір нұсқасы.

Ақжайлау мен Сандықтас Атамның қонған қонысы: Түн асса тұтам түгі өскен Басылмайтын сонысы! (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Біраз күн дүниеге қызықтырып, Үлде мен бүлдеге орап малындырар. Құрметтеп дүние шіркін айналдырып, Мойныңа гауһар, лағыл тағыңдырар (Қабан жырау, Алтын қазық). Ашыл, көңілім, хош ұрып! Сөйле, тілім, жосылып! Тереңнен барып тер гауһар, Ақыл мен білім қосылып! (О.Шораяқов, Шайыр). Махаббат, қызық мал мен бақ, көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? (Абай, Тол. жин.). Ер азығы мен бөрі азығы жолда (Мақал-наме).