МЕРГЕН

lat: MERGEN

зат. 1. Көздегенін атып түсіретін аңшы, атқыш адам .

Балалар жұмыртқасын алып, мергендер онан да, мұнан да мылтықтарын тарсылдата берген соң, шошып, көрші көлдерге кетсе керек.Дулатов, Шығ.).

Көшер ме сені көріп қыс түнерген,

Мылтығын лақтырар ма сұсты мерген. 

Мен саған Алатауымды көрсетейін,

Қасыңа қырық қыз ертіп шықшы бермен (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Кім болды екен, мылтығы бар қолында,

Құс атуға келген мерген секілді.Шаханов, Ғасырлар.).

Атқан оғы мүлт кетпейтін, дәл тигізетін, атқыш.

Бұл атырапта одан өткен мерген,

Iле Алатауын одан артық білетін адам болмаған (Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе).

Көз мерген, жігіт мылтық, көңіл білте,

Орамды аң табылмай атылмайтын.

Жібек пен қойдың жүнін қосып ессең,

Бірігіп арқан болып қатылмайтын (Ә.Найманбаев, Шығ.).

2. Атқанынан жаңылмай жауын жығып салатын қас жауынгер .

Нұрахмет көздегенін дәл ұратын, атқан оғы мүлт кетпейтін мерген.Сейітов, Майдан). Бас қосып еліменен отырғанда Шулады тірі қалған халқы келіп: “Қайда кетті мергенім? Дер кезінде келмедің. Көрдің бе мынау еліңнің Қырылып қойдай өлгенін”.Жапсарбаев, Сөйле.).

3. әск. Қазіргі әскери күштер құрамындағы арнайы жаттықтырылған, нысанасын қалт жібермейтін атқыштар тобының жауынгері .

Ұлы Отан соғысы жылдары мергендер даярлауға зор көңіл бөлінді (ҚСЭ). Мергендер оптикалық аспабы бар мылтықпен жау әскерін құртуға атсалысты (ҚСЭ).