МЕРЕЙТОЙ

lat: MEREITOI

зат. Жеке адамның, мекеменің, қаланың т.б. белгілі бір дөңгелек жасқа толған күнін атап өту салтанаты .

Биыл қыркүйектің 22-жұлдызында қазақтың көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 80 жасқа толады. Бұған дейінгі 50-ге, 60-қа, 70-ке, 75-ке толған мерейтойларын саналы түрде атап өтпеген қаламгер бұл жолы да туған күнін тойламайтын сияқты («Ана тілі»). Мерейтойды пайдалана отырып, осыдан он жыл бұрын менімен бірге ұлттық валютаны жасау мен енгізудің міндеттерін шешкен барлық адамдарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді («Егемен Қазақстан»). Заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 75 жасқа толған мерейтойы Ыстықкөл жағасында атап өтілді («Жетісу»).