МЕТРО

lat: METRO

зат. Iрі қалалардағы жер астында салынған электр теміржолы және сол жолда жүретін электр поезы, метрополитен.

Метроға, жер астына, түсті халық, Жер асты түнек емес, шаңқан жарық. Күмбезді, нақышталған кең сарайға, Қарадық тамашалап, қайран қалып (Ақын жырлары). Алтаймен тұңғыш рет Москвада Свердлов алаңындағы метроға түскен жерінде жолықтым (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). Қазір зоопаркке кеткелі жатыр мыз. Одан соң көрмені аралаймыз. Метроға мінеміз (Ә.Нұршайықов, Батыр.). Метро негізінен миллионнан астам халқы бар үлкен қалаларда салынады («Айқын»).