МОЙЫНДАУ

lat: MOIYNDAÝ

Мойында етістігінің қимыл атауы .

1. Мойнына алу, бойұсыну .

Қателікті мойындау үшін де біраз ақыл керек.Мағауин, Көк мұнар).

2. Тану, есептесу

 Кеңес өкіметі қазақ зиялыларының ұсынған ұлттық мемлекеттік статусын мойындаудан қорықты.Қозыбаев, Өркениет және ұлт). Біз әр ұлттың негізгі адами еркіндіктерін пайдалану құқығын сыйлауға, аз ұлттардың тілін, дінін, заңдары мен дәстүрлерін мойындауға үндейміз («Қазақ»). 3. Растау, келісу . Әділетті ақыл мойындаған нәрсеге қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге оңай да болса, мойынäамау ерлік (Абай, Тол. жин.). Венгриялық балуан әуелде әжептәуір қарсыласқанымен, көп ұзамай жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды («Егемен Қазақстан»).