МОЙЫНДАУШЫ

lat: MOIYNDAÝSHY

зат.1. Мойнына алған адам .

Өз кінәсін мойындаушы жігіттер көп емес («Қаз. әдеб.»).

2. Растаушы, келiсушi.

Мұндай «тұрақты заңдылықты» мойындаушылар сол кемістіктің орнын немен толтырарын білмей дағдарған шарасыздықтан айтады (Ақ отау).

3. Танушы, ұстанушы адам .

Ислам дінін мойындаушылар әркімнің маңдайына жазылған өз несібесі болады, тіршілігіндегі және о дүниедегі тағдыр талайының бәрін бір Алла белгілейді, тозақ отына түспес үшін мына жалған дүниеде күнәға батпай, таза жүруді уағыздайды («Парасат»).