МҰҒАЛІМДІК

lat: MUǴALİMDİK

зат. Оқытушылық, ұстаздық .

Дүниеде ең қадірлі, ең қымбат, ең шариф нәрсе осы мұғалімдіктен басқа не? («Абай»). Оған мұғалімдікке жан-тәнімен шын берілген немесе денсаулығы темірден жаралған адам болмаса шыдай алмайды.Аймауытов, Шығ.). Қалтылдап өмір сүрдім, қайтсем де өлмей, Талап қып оқу оқып, құр сенделмей, Одан соң мұғалімдік анда-мұнда Тірліктің ол да түрі дәл сендердей (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Ыбырай тұр қатуланып көзін қадап, Сөйлеуге биден кейін етті талап. Әзіргі іздегенім билік емес, Өзіме мұғалімдік үйрет сабақ.Шипин, Дастан.).