МҰРАЖАЙ

lat: MURAJAI

з а т. 1. Әртүрлі жадығаттық зат пен бұйымдарды жинап жүйелеп, олардан көрме ұйымдастырумен айналысатын мәдени мекеме, музей.

Мұражай өнер бағытындағы бейнелеу, мүсіндік және қолданбалы шығармаларды, сондай-ақ сәулет өнерінің ескерткіштерін жинап, сақтап зерттеуде керек («Парасат»). Тек Лондон және Берлин мұражайларындағы манихей әрпімен жазылған екі нұсқа ғана біздің заманымызға дейін жетті («Жас Алаш»).

Мұражайдың төрінен Орын алар бұл қобыз. Атам аты берілген Бұл да үйім ғой бір егіз.Қайырбеков, Көнсадақ).

2. Сол мекеме орналасқан ғимарат .

Сенбі күні жоғары сынып оқушыларын мұражайға ертіп барып кіргіздік («Қазақст. мект.»).