МҰРЫН

lat: MURYN

з а т. Адам мен жанануардың дем алатын және иіс сезетін мүшесі .

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

М ұ р ы н иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы, жаман әрі істі сол тексермек (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Мәкіш апайдың мұрнынан екі баласының екі түрлі жұпар иісі кетпей-ақ қойды.Тоқтаров, Терістік.).

Сен бармысың дегім келіп тұрды да, қоя қойдым қарадым да мұрнына.Қайырбеков, Большевик.).

Екі көз бірін-бірі шұқымас үшін, Алла тағала ортасына мұрын жаратыпты (I.Есенберлин, Алмас.).