НЕСИЕ

lat: NESIE

азаматтық құқықта мүлікті уақытша өтеусіз пайдалануға беру туралы шарт. Азаматтар да, ұйымдар да оның қатысушысы бола алады. Туыстық жағынан жақын азаматтардың арасындағы ақшаны немесе заттарды қарызға берумен байланысты қатынас қарыз шартымен белгіленеді. Қарыз қатынастарының қатысушылары ұйымдар болса, олардың өзара қатынасы дербес несие шартымен ресімделеді; оның жиі кездесетін түрі банктік несие шарты болып табылады.