МІНСІЗ

lat: MİNSİZ

с ы н. 1. Кем-кетігі жоқ, мүлтіксіз .

Айғаншаның қара торы бетінің өңі күн қағып қалыңдай түсті демесең, қазір де ат жақты әдемі, ұш жағы келтелеу біткен қыр мұрны тіпті мінсіз.Нұрпейісов, Сергелдең).

Әркімде бір қате бар,

Өзін сынап ойланса.

Біреу мінсіз атанар,

Басына бақ айналса.Бекхожин, Қайран жас).

Адамның міні туралы да әркім өзінше жорамал жасар. Меніңше, мінсіз адам болмайтын сияқты. Тақуа адамның да өзіндік міні бар ғой («Қаз. әдеб.»).

2. а у ы с. Кіршіксіз, қалтқысыз .

Ол өзінің ата-анасынан да ардақты ата-анаға, Отанға, елге мінсіз қызмет етті.Сатыбалдиев, Жартас.).

Көптеген қалаларда жолаушыларға мінсіз қызмет көрсететін осы заманғы вокзалдар салу да межеленуде («Қаз. әдеб.»).

«Әмбебап» қазақ ұғымында «қолынан келмейтіні жоқ өнерлі (шебер, ісмер), бәрін де баптап, мінсіз істейтін кісі» («Жас Алаш»).