МІНСІЗДІК

lat: MİNSİZDİK

з а т. Міні жоқтық, мін болмаушылық.

Әдетте партия өкілін мінсіз адам етіп көрсету дегенді мен жақтайтын адам, ал мінсіздіктің жүгі де ауыр («Қаз. әдеб.»).

Қолдан жасалған, яғни мәдени істің бәрінде мін бар, мінсіздік табиғатқа жарасымды («Қаз. әдеб.»).

Сағынбайды ақынның бәрі сынады,

Біледі мінсіздікке қарысуды.

Сын шіркін де ірітер сүтке ұқсамай,

Болсайшы, жырға шипа дәрі сынды (Қ.Бекхожин, Әппақ-нама).