НАҒАШЫ

lat: NAǴASHY

з а т. э т н. Балаларына шешесі жағынан туысы.

Өз балаңнан кем емес

Жақсы болса күйеуің.

Шаршағанда шалдығып,

Нағашың, бір сүйеуің,

Жақсы болсаң жиенің,

Жұлынындай жүйенің (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Ғали жан тәсілім қылғаннан бері Жамал ессіз болып жатқан еді .Нағашылары да үлкен уайым қылып,«бір сапар бізге мұндай жұмысты болып келгенде бейшаралар бүйтіп қалды, қолымыздан өлтірген секілді болдық-ау», деп, өздері ақылдасып, естіртіп һәм хабар айтуға кісі жіберді (М.Дулатов, Шығ.).

Нағашым байжігітте ер Қабанбай,

Шешемді де берген жоқ бай таба алмай.

Ес білмейтін ескіге кез болыппын,

Жайды білер жақсыға қосақталмай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).