НАЙЗАҒАЙ

lat: NAIZAǴAI

з а т. Жауын-шашын кезінде ауада жиналған электр зарядтарының бір- біріне соқтығуынан пайда болатын күшті жарқыл; жай.

Бертін келе найзағайдың электрден келіп шығатынын көптеген ғалымдар түсіне бастады (Қ.Әбдіғапаров, Қызықты физ.)

Андаанда қара тұман

Найзағаймен жарқ етед.

Көк күркіреп, су күңгірлеп,

Кенеттен кейде шарт етед (Ж.Аймауытов, Шығ.).

«Киіз кітапта» жылқыны әнге, күйге, найзағай мен нұрға теңеуге болады екен, бұған ақынның қауырсын қаламы куә әрі көріп түрған көкіректегі көз қазаққа біткен («Жас Алаш»).