НАЙЗАҒАЙЛЫ

lat: NAIZAǴAILY

с ы н. Найзағай жарқылы араласқан, найзағай ойнаған. 

Найзағайлы нөсерден кейін жаңарған әлемде оның тынысы кеңіп, осылай тұра бергісі бар (К.Баялиев, Нөсер).

Қаһарлы аязға, қарлы боранға, найзағайлы долы дауылға қарсыласа білген осынау мызғымас ағашқа әлсіз желден құлайтындай не болды? (I.Есенберлин, Алтын құс).

Ақ жауынды, найзағайлы, толқынды

Ызам келер есіме алсам сол түнді (М.Шаханов, Ғасырлар.).