ӨТІМДІЛІК

lat: ÓTİMDİLİK

компаниялар мен банктердің өз міндеттемелерін уақытылы орындау қабілеті; өтімділік деңгейі оңай өткізілетін активтердің үлес салмағымен, кредиттерді жедел жұмылдыру мүмкіндігімен, активтердің және пассивтердің үйлесімділігімен, өткізудің, сатудың, қолма-қол ақшаға айналдырудың жеңілдігімен сипатталады.