НАРАЗЫЛЫҚ

lat: NARAZYLYQ

з а т. 1. қ о ғ.-с а я с и. Қандай да бір жүйеге, ережеге, ісараға, ой-пікір, тұжырымға, шешімге немесе мемлекет саясатына қатысты қоғам мүшелері арасында туындаған қарсылық.

Наразылық ауызша не жазбаша, әрекет не әрекетсіздік арқылы білдіреді (ҚҰЭ).

Саяси-әлеуметтік наразылық аштық жариялау, жария түрде өзін-өзі өлтіру, белгілі бір кәсіп иелерінің жұмыс берушіге, үкіметке немесе бір мемлекеттің екінші мемлекетке байкот жариялауынан көрініс табады (ҚҰЭ).

2. Келіспеушілік, қолдамаушылық, реніш .

Кімде-кім қайғы тартып, бейнет көрсе,

Сұм жалғанның қылғаны бұл дей берсе,

Әлбетте, бұл тағдырға наразылық,

Түбі Аллаға қарсылық, ондайға ерсе (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ғали әлі қалың бермеген бір талапты жігіт болғанға,

Жамалдың күйеуіне наразылығына қарай екі тараптан да бір-біріне махаббат байланды деуге лайық болды (М.Дулатов, Шығ.).