НАУҚАС

lat: NAÝQAS

[ирі ناخوش ] з а т. 1. Денсаулықтың бұзылуынан дертке айналған сырқат, ауру. 

Тәтежан, жанға өлшеген асыл затқа,

Науқастан жүргеніңіз саламат па?

Паналы зор тәңірім саясында

Жайлы ұйықтап қадірлі еркем көңіл шат па? (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Қасым Аманжолов бұл кезде қатты хал үстінде, төсекте, ауыр науқас тұтқынында жатыр еді.Қайырбеков, Ақ желкен).

Молда да, балалар да қайран қалып,

Үйіне науқас па деп қойды апарыпі

Су бүркіп, гүлмен желпіп ата-анасы,

Отырды Қайыс есін жиып алып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ұқпағаны бола ма? «Мен белімнің желін айтып отырсам, ит не оттап отыр», депті. Сонда тоқал тұрып: «Желіңіз бен беліңіздікі бір сабақтас науқас қой. Бойдан кете қоя ма депті (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. Ауру адам .

Туберкулезге қарсы күрес мекемелері дәрі-дәрмекпен, тамақпен толық қамтамасыз етілген, науқастарды кідіріссіз емдеуге мүмкіндік жасалған («Жас Алаш»).

Қас кере күліп, қырындай бұрып бетіңді,

Қиылып тұрсың қылықпен әсем не түрлі.

Кеш көрдің мені.

Өлетін науқас сауығып

Кеткенде келген кесірлі тәуіп секілді.Жақыпбаев, Ләйлә).

Шәміл, Шәміл! Шаршадым, қалжырадым.

Ет жүрегім езілді, қан жылады.

Жырым менің науқастың сандырағы,

Құным менің тазының қарғыбауы (М.Мақатаев, Шығ.).