НАУҚАСТАН

lat: NAÝQASTAN

е т. Денсаулығы бұзылып сырқаттану, ауыру.

Жанғазы Ғазиздің немере інісі, науқастанып төсек тартып жатып қалғанына біраз болған (Т.Дәуренбеков, Көшпелі.).

Әкем өткен жылы қатты науқастанып, қайтыс болды (М.Етекбаев, Жомарт.).

Жыл сайын осы ауру түрімен науқастанған 10 мыңнан 30 мыңға дейін адам тіркеледі (“Егемен Қазақстан”).

Биылғы жылдың 6 айында А вирусы сары аурумен науқастанған 3981 адам тіркеліпті, ал былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 3272 болған. Сонымен бірге биыл 1 адамның тырысқақпен, 2 адамның күйдіргімен ауырып, тіркелгені де айтылды («Егемен Қазақстан»).

Тиблис шаһарына өтіп кетті, Баланы науқастанған тастап сонда. Шамасы бала сонда алты жасар, Қурайдай жіп-жіңішке, нәзік, нашар (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Әкесі айтты: «Қарағым, өңің жаман,

Иіс тиіп қалған ба бүгін саған?»

Мария бір стакан азар ішіп:

«Науқастанып, кетіп тұр, деді, шамам» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).