НАУРЫЗ

lat: NAÝRYZ

[ир. نوروز ] з а т. 1. Иран күнтізбесі бойынша 22 наурызға сай келетін, Шығыс халықтарының жаңа жылды қарсы алатын ұлы мейрамы. 

Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям, тібі еңбектерінде Ш ығыс халықтарының наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол (ҚҰЭ).

Қаратаудың көкқұсы суық жақтан дәл наурыз күні (22 март) кешке келеді (С.Қасиманов, Алтай.).

Наурыз «жаңа күн» деген парсы сөзі («Лен. жас»). 2. Күнтізбелік жылдың 3-айы (31 тәулік), көктемнің 1-айы. Наурыз айының 22 жұлдызында күн мен түн теңеледі (ҚҰЭ). 1936 жылдың наурызында өзімнің үйімді өзіме қайтып берді. Ондағы екі кеспек те бұзылмаған екені 1937 жылдың жазында күнге кепкен ескі шығырымды қайта іске асырдым («Егемен Қазақстан»).

Наурызыңда көктейтін неткен ғажап шөл еді!

Жұрт аяғы жетпейтін Жерге кеткім келеді (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Көгіме Күнін өрлетіп,

Ешкі мен қойын төлдетіп,

Қаймақ пен сүтін көлдетіп,

Келді наурыз март айы (Б.Ысқақов, Сен. өлең.).