НӘТИЖЕЛІ

lat: NÁTIJELİ

с ы н. Өнімі мол, табысы көп, жемісті.

Ағаш өсірудің нәтижелі болуы топырақты сапалы өңдеуге байланысты (А.Балтабаев, Шөлде.).

Дәрігер Оразалиевтің ашқан жаңалығы клиникалық сынаудан өткен нәтижелі жұмыс деп табылсын (Е.Оразақов, Дәрігер.).

Облыс басшысы С.Нұрғисаевтың шағын және орта бизнес өкілдеріне дер кезінде қолдау көрсетті де істің нәтижелі болуына септігін тигізуде (“Жас Алаш”).